03-11-2022

"Жаңадан келгендермен танысу"

«Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы» кеңейіп келеді.  Жақында бізде қаладағы оқу орындарының студенттерімен таныстыру кездесуі өтті, шара барысында студенттер Достық үйінің, «Ассамблея жастары» жастар қозғалысының қызметімен және коворкинг орталығының артықшылықтарымен танысты, сонымен қатар әйгілі ЭтноGame ойынын ойнады. 

Еске салайық, жастарымыз сүйіп ойнайтын Этно Game ойыны туралы «Ассамблея жастары» қозғалысының төрағасы Равиль Юнусовтың арқасында білген едік.  Жастар форумына барып, осы ойында Омбыдан Достық үйіне алып келгенде сол.  Үстел ойынының мақсаты – Қазақстанда тұратын этностардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын кеңінен насихаттау.

Ойын барысында қатысушылар түрлі этностардың ұлттық тағамдарының ерекшеліктерімен, киімдерімен, тұрмыстық бұйымдарымен танысты.  Музыкалық үзіліс достық бейнесінде жылы  атмосфера сыйлады. Жастардың бірі ән айтып, гитарада ойнаған өнерімен өзгелерді қуантты.

Шараның жастарға жақсы әсер еткені сонша, олардың көпшілігі «Ассамблея жастары» жастар қозғалысының қатарына қосылып, коворкинг орталығына тұрақты түрде барғысы келетіндіктерін жеткізді.

Біздің орталыққа келіңіздер, біз әрқашан жастарға қызығушылық танытамыз, барлықтарыңызды күтеміз!