Кездесіп талқылады

30-01-2023

Кездесіп талқылады

Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында аналар кеңесінің отырысы өтті. Іс-шара Достық үйінің басшысы - Төлеубеков Эльдар Төлеубекұлының құттықтау сөзімен басталды. Содан кейін Кеңес мүшелері өзекті мәселелерді талқылады, атап айтқанда, 2022 жылды қорытындылап, ағымдағы 2023 жылға арналған жоспарға ұсыныстар енгізді. 

Сонымен қатар, Аналар кеңесі ротацияланды, оның барысында Төрағаның қосымша екі орынбасары сайланды: Бершімбекова Гүлжамал Қаржауқызы және Ляховская Ирина Владиславовна. 

Айта кетейік, өткен жылы ШҚО ҚХА Аналар кеңесі 23 121 адамды қамтитын 643 іс-шара өткізді. 

Алдағы жылы Кеңестің көптеген жақсы және пайдалы жоспарлары бар, олардың барлығы біртіндеп жүзеге асырылады және атқарылған жұмыс туралы жақын арада құрылатын Instagram аккаунтынан білуге болады.