Оқудың ерте - кеші жоқ!

04-12-2020

Оқудың ерте - кеші жоқ!

Әр адам үшін бүгінгі күні оқу,білім алу бірінші орында.Осы орайда " толеранттылық мектебі " көптеген студенттер үшін өздерінің жаңа идеяларымен, дәрістерімен және мастер-класстарымен алмасатын диалог алаңына айналғанды. Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы жастармен байланыс орнату және авторлық жобаларды таныстыру мақсатында ZOOM онлайн-кездесуін ұйымдастырды.

Өлкеміздің сүйікті жастарына арналған  конференцияға Шығыс Қазақстан облысының ЖОО студенттері, ШҚО ҚХА еріктілері, сондай-ақ белсенді жастарымыз қатысты. Бұл байқау аудандық деңгейді қамтып, өз жобаларын қорғап, балалар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, басқа командалардың қатысушыларымен таныса алды.

"Толеранттылық мектептер" кездесуінде оқушылар спикерлермен бірге еріктілер тақырыбы бойынша мәселелерді талқылап, сондай-ақ жастар саясатының тақырыптары мен одан арғы іс-әрекеттерін зерттеді. Командалар онлайн форматтағы әңгімеге қарамастан, аталған байқауға креативті ойларымен бөлісті.

Тарих ғылымдарының кандидаты, ШҚО ҚХА ҒСТ төрағасы Нелли Краснобаева осы байқауды атап өтті:

- Мен барлық карантиндік шараларға қарамастан, біз онлайн жиналып, ерітілік істер бойынша жобаларды ұсына алғанымызға өте қуаныштымын. Қатысушыларға атқарған жұмыстары үшін үлкен рахмет. Мен өз кезегімде жастардың белсенді қатысып, өздерінің тапқыр дағдыларын көрсете білгендеріне қуаныштымын.

Байқау соңында командалар "инновациялық жоба", "Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін сақтау жобасы", "бірегейлік жобасы", "шығармашылық жобасы"номинациялары бойынша таңдалды. Шара соңында ақшалай сертификаттар мен алғыс хаттар табысталды.