05-10-2022

"Союз-ТМ-13" көрмесі

«Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында» космонавтика мұражайының көмегімен "Союз-ТМ-13" көрмесі ашылды. 

Көрменің алғашқы келушілері мектеп оқушылары - "ғарыштың жас зерттеушілері" болды, олар ғарыштық жетістіктер және ғарышкерлер туралы ақпаратты қызығушылықпен тыңдай алды. 

Көрме ашылуынан кейін балалар "Ғарыштық викторинаға" қатысты, онда олар қиын сұрақтарға жауап бере отырып, өз білімдерін тексере алды. 

«Ғарыш әлемі мен әрдайым қызықтырады. Көрменің ашылуы мен үшін үлкен жаңалық болды. Шара ұйымдастырушыларына алғысым шексіз», - деп ойымен бөлісті мектеп оқушысы. 

Көрме өз жұмысын әлі де жалғастыруда, келіп тамашалауға мүмкіндіктеріңіз бар.