22-10-2018

"Ертіс әуендері" дәстүрлі орыс өнерінің халықаралық фестивалі

Ағымдағы жылдың 19-20 қазан күндері Семейде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» ұлттық сананың жаңғыруы бағдарламасы негізінде, облыс әкімі Даниал Кенжетайұлының бастамасымен бекітілген «Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан халқының мәдени мұрасы» жобасы аясында «Ертіс әуендері» дәстүрлі орыс өнерінің XIV халықаралық фестивалі өтті.

Жыл сайын өтетін фестиваль барлық орындаушыларға, әріптестерімен кездесе отырып өздерінің вокал, аспаптық, хореографиялық дағдыларын көрсету, шығармашылықтарын жетілдіру үшін таптырмас мүмкіндік.

Биылғы жылы Семейге - Барнаул, Бийск, Рубцовск, Ақсу, Өскемен, Шемонаиха, Риддер және басқа да қалалар мен ауылдардың шығармашылық ұжымдары келді. Екі күннің ішінде «Аспаптық

жанр», «Жас орындаушылар», «Хореография», «Вокал жанры», «Хор жанры» номинацияларында жеңімпаздар анықталды.

- Біз фестивальда бірінші жыл емеспіз», - дейді Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданының халықтық хоры ұжымы. -Күттік, дайындалдық. Көптеген жағымды эмоциялар, және әртүрлі әндер орындалды! Сонымен қатар, барлық ұжымдар бір-бірімен танысып, арласып, тәжіриебелерімен бөлісуде, бұл шараның алар орны ерекше.

Гала-концертте жиналған қонақтармен, қатысушы шығармашылық ұжымдарды Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Нұрғазиев Аскар Кисаұлы арнайы құттықтады. Ол әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастардан басқа ортақ тарих пен мәдениет біріктіретін екі көрші елдер арасындағы достық пен ынтымақтастықтың бұзылмайтынын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бірінші облыстық орыс өнерінің фестивалі 2003 жылы Семей қаласында өткізіліп, Қазақстандағы Ресей жылына арналды. Екіншісі, өткен жылы республикалық мәртебе алды. Үшінші, фестиваль халықаралық деңгейде өтуде. Содан бері Семейдегі қайталанбас өнерді тамашалауға хор, хореографиялық топтар, Қазақстанның қалаларынан әншілер мен орындаушылар, сондай-ақ Сібір қалалары мен Ресей Федерациясының Алтай өлкесінен келуде.