04-12-2018
Ағымдағы жылдың 30 қарашасы күні Семей қаласында «Көзге Иртыш Монңары» татар халық өнерінің XIX халықаралық фестиваль-байқауы өтті, ол татар драматургы Туфан Минулиннің шығармашылығына және «Иртыш Монңары» би ансамблінің 30 жылдығына арналды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде ШҚО әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметовтың бастамасымен «Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан халқының мәдени мұрасы» жобасы аясында өтті. Фестиваль-байқау үш күнге созылды. Осы күндері Семей қалалық мәдениет үйі Томск, Новосибирск, Павлодар қалаларынан келген қонақтарды қабылдады.Іс-шараға Семей қаласының ҚМҮ симфониялық оркестрінің ұжымдары, Төлебаев атындағы музыка мектебінің хоры, баянистердің «Ильгам» татар-халықтық ансамблі, «Иртыш Монңары» ансамблінің кіші, орта және аға мүшелері, Тахмин Минвалиев би тобы және тағы басқалар қатысты. Барлық шығармашылық ұжымдар татар әні мен «Иртыш Монңары» би ансамблін 30 жылдық мерейтойымен құттықтады, сонымен бірге облыстық Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының директоры - Эльдар Төлеубекұлы фестиваль қатысушыларына шын жүректен алғысын білдірді.