«Қазақстандағы және шекаралас аймақтардағы этнодемографиялық үрдістері»  XVII Халықаралықғылыми – тәжірибелік конференциясы өтті

17-09-2018

«Қазақстандағы және шекаралас аймақтардағы этнодемографиялық үрдістері» XVII Халықаралықғылыми – тәжірибелік конференциясы өтті

Ағымдағы жылдың 17 қыркүйгі күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында «Қазақстандағы және шекаралас аймақтардағы этнодемографиялық үрдістері» XVII Халықаралықғылыми – тәжірибелік конференциясының пленарлық отырысы өтті. Пленарлық отырыс барысында конференцияға қатысушыларды Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығының директоры Э. Төлеубекұлы және  Алтай мемлекеттік университетінің профессоры Ю. А. Лысенко сондай-ақ С.Аманжолов атындағы ШҚМУ – дың тарих кафедрасының меңгерушісі Ж.С. Аубакирова құттықтады. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың  доценті  Нұрбекова Раушан Қалымбекқызы  ХХ ғасырдың 30 жылдарында Шығыс Қазақстан өңірінде жүргізілген репрессиялықшаралардың барысы туралы баяндама жасаса,  Новосібір мемелекетік университетінің аспиранты Наталья Анатольевна  1937-1938  жылдарғы КСРО «Ұлттық» операциялары туралы   баяндады. Отырыс барысында сонғы болып баяндама жасаған  С.Аманжолов атындағы ШҚМУ –дың доктранты Мақсат Серікұлы  этникалық қазақтардың елге оралуы мен  олардың ортаға бейімделу  мәселесіне тоқталды. Конференцияның жалғасы 18 қыркүйек күні С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде өтеді.