«На Николу зимнего» атты казак мәдениетінің XVIIІ фестивалі

02-12-2024

«На Николу зимнего» атты казак мәдениетінің XVIIІ фестивалі

«На Николу зимнего» атты казак мәдениетінің XVIIІ фестивалі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Мерекелік шараға өңірдің өнерпаздары ғана емес, сондай - ақ Шемонайха, Риддер, Секисовка, Алтай аудандарынан келген шығармашылық ұжымдар да қатысып, өз өнерлерін паш етті. «Прялица», «Арабеск», «Весняночка» сияқты ансамблдер ән айтып, ұлттық билер орындап көрермендерді тәнтті етті. Сонымен қатар, украин, орыс және белорусь шығармашылық ұжымдары өз өнерлерін көрсетті.

Фестиваль барысында казак әндері ерекше нақышпен орындалып, этникалық билердің шеберлігі көрермендерді таң қалдырды. Концерттік бағдарламаның әсерлілігі соншалық, шараға қатысқан әрбір қонақ ерекше көңіл күйде болды.

Шара қонақтарының бірі: «Бұл – казак мәдениетіне арналған нағыз мереке! Фестиваль өте керемет өтті. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз!» – деп әсерімен бөлісті.