«Ыңтымақты елде бақ тұрар»

04-07-2024

«Ыңтымақты елде бақ тұрар»

Садуақасов Ерболат
«Атамұра» ансамблінің жетекшісі

Астанада Қазақстан төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының «Көпжақты диалогті нығайту - орнықты бейбітшілік пен дамуға ұмтылу» тақырыбымен саммит өтуде.

Ұйымның негізгі мақсаттары: қауіпсіздік пен тұрақтылықты күшейту, өзара сенім мен достықты нығайту, ортақ мүддеге сай салаларда аймақтық ынтымақтастықты дамыту, халықаралық қақтығыстарды болдырмау және реттеу, есірткі саудасы, терроризм және сепаратизммен күрес.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы қабылдаған алғашқы құжаттардың ішінде экстремизм мен сепаратизмге қарсы күрес конвенциясы да болған. Осыған байланысты ұйымның басты органдарымен бірге аймақтық терроризмге қарсы құрылым жасақталды. Ол ұйымға мүше елдердің терроризм, экстремизм мен сепаратизмге қарсы күшін үйлестіріп отырады.

Қазақстанның бастамасымен Әділетті әлем мен келісімді жақтайтын дүниежүзілік бірлік туралы бірлескен құжат қабылданады деген жоспар бар. ШЫҰ-ға мемлекеттер осы бастама арқылы барлық шиеленісті дипломатиялық жолмен шешуге, халықаралық құқық қағидаттарын сақтауға және әлемдік нарықтардың тұрақтылығын қамтамасыз етуге үндейді.

Бізде еліміздің тыныштығы мен бірлігі үшін жасаслып жатқан барлық бастамаларды қолдаймыз!