22-10-2022
Биылғы күздің көптен күткен оқиғасы – Достық үйі - қоғамдық келісім орталығының мерейтойы. Бұл 30 жыл бойы ұлтаралық келісімді нығайтып, этностарымыздың мәдениетінің баға жетпес асыл мұрасын жаңғыртуға қызмет етіп келе жатқан облыстық Достық үйі тарихының тағы бір жарқын беті.
Салтанатты шараға этномәдени бірлестіктердің, шығармашылық ұжымдардың, «Жастар ассамблеясы» жастар қозғалысының өкілдері, қоғам қайраткерлері, құрметті азаматтар, ҚХА мүшелері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өзінің сапарымен Достық үйіне келіп қайтты.
Атмосфера жылылыққта толы болды, табалдырықтан аттағаннан қонақтар қуанышты әсерге бөленді. Қонақтарды этникалық топтардың мәдениетінің ерекшелігін бейнелейтін тақырыптық көрмелері таң қалдырды. Сондай-ақ ешкімді бей-жай қалдырмаған «Ақ үкі» студиясының облыстық шеберлерінің қолөнер бұйымдары ұсынылды. Барлығы жанды ұлттық аспаптағы әуендер тыңдай алды.
Шара барысында ҚХА мүшелері Достық үйінің құрылу тарихына тоқталып, соңғы демі қалғанша сүйікті Достық үйіне адал болатындарын жеткізді. Ұлттық құндылықтарды нығайтуға, насихаттауға және Достық үйінің дамуына үлес қосқандардың барлығы атап өтілді.
Облыс әкімі құттықтау сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясы, сондай-ақ Достық үйінің қызметі сапалы жаңа деңгейге көтеріліп, азаматтық қоғамды бұдан да кеңірек тартуға қуатты әлеуетке ие екенін ерекше атап өтті.
Мерекеге арналған концерттік бағдарлама өзінің ауқымдылығымен және жанрлық алуандығымен тәнті етті. Әсем этникалық билер, патриоттық әндер, таңғажайып өлеңдер мен көңілді музыкалық композициялар – мұның бәрі көрермендердің көңіл-күйін көтерді.
Шара соңында алда тың жобалар мен тың идеялар күтілетіні айтылды. Республика бойынша Шығыс Қазақстан облыстық Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының тарихы жалғасуда. Әрқайсыңызға бізбен бірге болғандарыңыза үлкен рақмет айтамыз!