«Белая сова» қолөнер бірлестігінің көрмесі

20-05-2018

«Белая сова» қолөнер бірлестігінің көрмесі

20 мамыр күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында «Белая сова» қолөнер бірлестігінің қолдан жасалған бұйымдар көрмесі өтті. Соынмен қатар қонақтар көрме барысында әр жастағы суретшілердің туындыларын тамашалауға мүмкіндік алды.

Аталмыш көрме оқу жылының аяқталуына орай ұйымдастырылды. Көрмеден бөлек «селфиге» түсуді ұнататындарға арналған ерекше фотокеңістік әзерленген.

Көрмеде Шығыс Қазақстан сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай қорымен қамтамасыз етілген «Халықтың әдебиетшілері» атты ерекше бөлімі болды. Онда көрермендерге өткен ғасырдың 20-30 жалдарынан бүгінгі уақытқа дейін жақсы сақталған кітап, тұрмыстық техникалар тамашалауға ұсынылды.