01-09-2021
ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаев пен ҚР Президенті Қ.К. Тоқаев ағымдағы жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX Сессиясында Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің жаңа басымдықтарын іске асыра отырып, интеркультурализм қағидатын ілгерілету туралы тапсырма берген болатын, осыған орай Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында «Мемлекеттік тілді меңгерудің тиімді жолдары» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.
Шара этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен тіл мамандары қатысуымен өткізілді. «Мемлекеттік тілді оқытуда мәтінмен жұмыс түрлерін ұйымдастыру», «Тіл үйретудегі заманауи кеспе қағаздарының тиімділігі», «Ересектерге тіл меңгертуде веб-қосымшаларын қолдану» сынды тақырыптармен ШҚ Лингвистикалық орталығының оқытушылары сөз сөйледі.
Дөңгелек үстел пікірталас форматында жалғасты, тыңдаушылар өздерінің тіл үйрену тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік алды.
Жазу, әліпби адамзат тарихындағы құнды дүниелердің бірі ретінде ұрпақтан –ұрпаққа мирас етіп қалдыратын байлығымыз. Сіздерді келе жатқан тілдер мерекесімен құттықтаймыз!