Үлкенге құрмет

14-08-2014

Үлкенге құрмет

Ағымдағы жылдың 1 қазан күні Облыстық Достық үйінде «Қарттар күні» аталып өтті. Біріккен Ұлтттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1990 жылдың желтоқсан айындағы кезекті отырысында 1 қазан Қарттар күні болып белгіленді. Содан бері бұл мереке жер-жерде кеңінен аталып, қарияларға барынша құрмет көрсетіліп келеді. Халқымызда «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» демекші, осындай ізгі ниетпен Достық үйі әкімшілігі этномәдени бірлестіктердің іс-шараларына белсенді атсалысып жүрген аға буын өкілдерін мерекелік шараға шақырды. Мерекелік дастарқан басында әңгімесі жарасқан қарттарға, жас буын өкілдері өздерінің ән-шашуын тарту етті. Олар Р.Кәрібаева, Р.Котович, Т.Қожаева, А. Сычев сынды өнерпаздардың орындаған әндерін көңіл қойып қошаметпен тыңдады. Қарияларды Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының меңгерушісі Е.Аязбаев және Достық үйінің директоры Э.Төлеубеков меркелерімен құттықтап өз тілектерін білдірді. Осы күні 80 жасқа толып отырған белорусс этномәдени бірлестігінің мүшесі Чеусова Надежда Ивановнаны мерекелік дастарқан басында мерей тойымен Достық үйінің әкімшілігі мен белорусс этномәдени бірлестігінің төрағасы В.Магазинщиков құттықтады. Мереке барысында «Әуенді тап»ойыны жүргізіліп қариялардың көңілі бір көтеріліп қалды. Ойын барысында жеңімпаздар силықтармен марапатталды. Мерекелік шараға көңілдері толған аға буын өкілдері ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.