2015 жылдың 27 мамыры күні Достық үйі-қоғамдық келісім орталығында «Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 қадамы» - Ұлт жоспарын талқылау бойынша ШҚО ҚХА Кеңесінің отырысы өткізілді. Бұл кеңес отырысына ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департамент жетекшісінің орынбасары, тәртіптік кеңес төрағасы Т.К. Жумагулов, ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының жетекшісі Е.М.Аязбаев, ардагерлер және ақсақалдар кеңесінің төрағалары, ШҚО КХА жастар қоғамымен этномәдени бірлестік белсенділері және БАҚ өкілдері қатысты. Барлық қатысушылар ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жаңа жолдауын іске асыру жөніндегі жұмыстарға дайын екендіктерін білдірді.
Шараның көрнекті жағы мерейтойлық «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» медальдарымен ШҚО этномәдени бірлестік төрағаларын марапаттау болды. Олар: Т.А Кагерманова., Ю.В.Кунст, В.В.Лебедева, белорус этномәдени бірлестік белсендісі Н.Н.Прищепчик, ДҮҚКО директорының орынбасары О.Б.Доценко.