«Ұлы дала елінің – Ұлы көшбасшысы» форумы

02-12-2015

«Ұлы дала елінің – Ұлы көшбасшысы» форумы

 «Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында» тұңғыш Президент күніне арналған «Ұлы дала елінің – Ұлы көшбасшысы» - атты форум болып өтті. Аталмыш шараға этномәдени бірлестік төрғалалары, жоғары оқу орындарының ұстаздары, студенттер және БАҚ өкілдері қатысты. Форумда Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа қарыштап қадам басуы, әлеуметтік жағдайымыздың жақсарып, экономикамыздың қарқынды дамуы, мәдениетіміздің өркендеуі, еліміздегі игіліктердің барлығы – Елбасымен байланысты екендігі сөз етілді. - Тәуелсіздік жылдары нақты орнаған құндылықтар меніңше, қазіргі таңда бір жақсы жүйеге келіп, әсіресе Елбасының «Мәңгілік ел» идеясын айтқаннан кейін бір жүйелігін тауып, халық соған назарын аударды. Біздің қоғам, біздің орта әр уақытта татулық пен бейбітшілікті өте қадірлейді, - деді өз баяндамасында С.Аманжолов атындағы ШҚМУ философия және әлеуметтік-қоғамдық теория кафедрасының аға оқытушысы, фиолсофия магистрі Айгүл Жиренова . Пікір алмасудың соңы этномәдени бірлестік өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылған мерекелік концертке ұласты. Кеш барысында «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының» директоры Эльдар Төлеубекұлы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Ұлы Дала Елі» халықаралық форумына белсене қатысқаны үшін марапаттау қағаздарын және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған мерекелік төсбелгілерімен марапаттап гүл шоқтарын табыс етті.