25-09-2022
Осы демалыс күні қала тұрғындары мен қонақтары Беларусь этномәдени бірлестігінің мәдениеті мен дәстүрлері әлеміне енуге тамаша мүмкіндік ала алды, өйткені Беларусь этномәдени орталығы өзінің мерейтойын атап өтті. Осы орайда «Достық Үйі-Қоғамдық келісім орталығында» үлкен мереке өтті.
Достық үйіне қадам басқаннан жиналғандар ұлттық колоритке бөленді. Ұлттық беларуссиялық үлгідегі аспаптық әуендер ойнап, ұлттық костюмдердегі бүлдіршіндер қонақтарды қарсы алды.
Достық Үйінің фойесінде қонақтар назарына түрлі көрмелер ұсынылды. Атап айтқанда балалар суреттерінің көрмесі, сәндік-қолданбалы өнер және белорустардың мәдениеті туралы кітаптар көрмесі.
Концерттік бағдарлама көрермендерді өзінің қанықтылығымен және ауқымдылығымен таң қалдырды. Беларусь мәдени орталығы шараға жақсы көңіл-күй сыйлап, қатысушылардың сәлемдесу әнімен мерекені бастады. Бұдан әрі бірлестік белсенділеріне, құрметті қонақтарға және Қазақстандағы Беларусь этносының дамуына үлес қосқан барлық адамдарға алғыс хаттар табыс етілді.
Сонымен қатар, Беларусь этномәдени бірлестігінің құрылу тарихы жайлы айтылды. «Орталықты құрудың бастамашысы және оның алғашқы төрағасы Магазинщиев Владимир Павлович болды. Бірінші төрағаның бастамасына облысымызға белгілі қоғам қайраткерлері Шик Лео Богданович, Мамиева Сара Имашевна, Королева Людмила Григорьевна қолдау көрсетті», - деп атап өтті Беларусь орталығының қазіргі төрағасы - Борисович Галина Августиновна.
Мереке барысында бірлестіктің түрлі салалардағы табыстары туралы сөз қозғалды. Мысалы: "Ренессанс мектебі" көптеген жылдар бойы бірлестік мүшелерінің көкжиегін кеңейтуге көмектеседі, онда Белоруссияның тілін, тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрлерін, халық шығармашылығын зерттеу класы құрылды. Өткен жыл ішінде Беларусь мәдени орталығының қатысушылары облыс орталығының тұрғындарын қалалық және облыстық мерекелерде, Достық үйі өткізетін көптеген іс-шараларда өздерінің концерттік қойылымдарымен қуантты.
Қорытындылай келе мерейтойлық мереке ерекше атап өтілді. Халық әндері, билер, салт-дәстүрлер туралы көріністер көрермендерді қуантты. Павлодар қаласынан келген қонақтар - "Беларусь" мәдени орталығы бірлестігі өздерінің музыкалық сыйлықтарын арнап, көрермендерді ерекше әсерге бөлеп таң қалдырды және әріптестерін шын жүректен құттықтады.
Іс-шара соңында «Земля моя древняя» әні шырқалды. Бұл композицияны орындау арқылы барлық қатысушылар Достық үйі екінші отбасы екендігін атап өтіп, өзінің сүйікті Отаны –Қазақстанға деген сезімдерін жеткізді.