Мерейтой тек шығармашылық жеңістердің бастамасы ғана!

09-10-2020

Мерейтой тек шығармашылық жеңістердің бастамасы ғана!

Достық үйінде тойлауға лайық ерекше себеп бар, «Атамұра» вокалды ансамблі өзінің 10-жылдық мерейтойын атап өтеді, оның тұрақты жетекшісі - Ерболат Садуақасов.
 
Облыстық ақсақалдар кеңесінің өкілдері мен әріптестері мереке иелерін айтулы күнмен құттықтады.
 
Ерекше жағдайда ұйымдастырылған дөңгелек үстелде шығармашылық топтың жетекшісі мен мүшелеріне көптеген жылы және шынайы алғыс сөздер айтылды.
 
Бірінші болып белсенділерді Достық үйі директорының м.а. Жанар Алканова құттықтады: 10 жыл ішінде «Атамұра» ұжымы бізді өзінің ерекше музыкалық нөмірлерімен қуантып, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде зор үлес қосты. Аға буын өкілдеріне ата-бабаларымыздың қасиетті мұрасын сақтауда және қазақ мәдениетінің жан-жақтылығын көрсетудегі еңбектеріңізге алғыс білдіремін».
 
Салтанатты рәсімге қатысушылар ансамбльдің жетістіктерін сөз етіп, «өнер жолдарындағы» жарқын сәттерімен бөлісті, орындаушылар қала, облыс, тіпті бүкіл республиканың намысын қорғаған ерекше конкурстар туралы айта кетті.  "Атамұра" өңірдің ұлттық брендіне айналды десе де, артық болмайды.   
 
Кездесу соңында вокалдық ансамбльдің жетекшісіне алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.