Мерейлі мерейтой

03-05-2019

Мерейлі мерейтой

Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Шемонайха ауданының және Өскемен қаласының құрметті азаматы еліміздегі ең алғашқы Достық үйінің негізін қалаушы Шик Лео Богдановичтің туғанына 85 жыл толуына орай мерейтойына арналған кеш өтті.  Шараға ШҚО маслихатының хатшысы Владимир Михайлович, ШҚО Ішкі саясат басқармасының басшысы Ирина Федоровна, Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Серік Жеңісұлы, ШҚО ҚХА хатшылығының меңгерушісі Асқар Қисаұлы, Шемонайха ауданы әкімінің орынбасары Вика Владимировна, Катон- Қарағай ауданы Достық үйінің директоры Наталья Александровна, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Этномәдени бірлестік жетекшілері мен белсенділері, өңіріміздегі жоғарғы оқу орындарының ректорлары мен проректорлары, оқытушылары мен студенттері және қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.  Мерейтой иесін алғашқылардың бірі болып ШҚО маслихатының хатшысы Владимир Михайлович құттықтап өзінің ақ жарма тілегін білдірді. 
Лео Богдановичті құттықтаған ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Асқар Қисаұлы ол кісінің ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының алғашқы меңгерушісі және еліміздегі Достық үйінің негізін қалаушы бірден бір тұлға екенін мақтанышпен атап өтті.  Өзгеде құттықтаушылар өздерінің ізгі тілектерін айтып, бірлес жұмыс істеген кездеріндегі қайталанбас құнды естеліктерімен бөлісті. Мерекелік кеш мерейтой иесінің құрметіне арналған этномәдени бірлестіктер мен шығармашылық ұжымдарының концертіне ұласты.