01-07-2017
Ағымдағы жылдың 30 маусымы күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында Ювеналды соттардың құрылуының 5 жылдығына арналған «Ювеналды сот балалар құқығын қорғауда» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.Шараға Шығыс Қазақстан облысының №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының, БҰҰ балалар қорының (ЮНИСЕФ), мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту Орталығының, Қоғамдық келісім кеңесінің өкілдлері қатысты. Дөңгелек үстел барысында сөз алған ШҚО мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі № 2 сотының төрағасы Ринат Миратұлы 5 жыл ішіндне жүзеге асырылған жұмыстарына тоқтала келе балалар құқығын қорғауда Ювеналды соттардың алар орны ерекше екендігін атап өтті. Өз кезегінде сөз алған Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының директоры Э.Төлеубеков бала құқығын қорғау дегеніміз, болашақ сауаты саналы ұрпақ өсірудің алғашқы баспалдағы. Болашақ ұрпақ тәрбиесіне байланысты салада айнбай қызымет етіп келе жатқан сіздерді шын жүрегімнен 5 жылдық мерейтойларыңызбен құттықтаймын деді.Шара соғында Семей қалалық Ювеналды соты ұжымы бес жыл бойы бірлесе жұмыс атқарған өзге сала мамандарына алғысын білдіріп құрмет громаталарымен алғыс хаттар табыстады.