Дөңгелек үстел отырысы

27-02-2018

Дөңгелек үстел отырысы

2018 жылдың 27 ақпаны күні Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында «Орыс мәдени орталығы» қоғамдық бірлестік өкілдері «Қазақстан қоғамның бәріне ортақ рухани-адамгершілік қарым-қатынастарын нығайту мақсатында орыс мәдениетін, тілін, ұлттық дәстүрлерін сақтау» тақырыбында дөңгелек үстел отырысын өткізді.

Шараға этномәдени бірлестікөкілдері және мәдениет, өнер мекемелерінің және оқу орындарының өкілдері қатысты.

Отырыс барысында дөңгелек үстел қатысушылары орыс мәдениетін, тілін, ұлттық дәстүрлерін сақтауда жасалып жатқан жұмыстары жайлы баяндады.

Айта кету керек Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының «Шығыс-Қазақстандық Орыс мәдени орталығы» Қоғамдық Бірлестігі халықтың ұлттық бірлігіне бағытталған әлеуметтік-саяси, мәдени-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырып тұрады. «Масленица», «Рождество», «Пасха» және т.б. іс-шаралар арқылы халық дәстүрлерін жандандыру үшін көптеген жұмыстар жүргізілуде.