16-06-2021
Пандемия кезеңі біздің күнделікті өмірімізге өз әсерін тигізіп, әркімнің өміріндегі ең құнды ресурс - денсаулыққа назар аударуды ескертті. Достық үйі - қоғамдық келісім орталығының қызметкерлері өздерінің иммунитеттеріне көңіл бөледі, сондықтан алғашқы болып екпе салдыртуда.
Вакцинация процедурасы стандартты түрде өтті. Алдымен олар сауалнаманы толтырып, өлшеулер жүргізді, содан кейін ғана екпе салу процедурасынан өтті. Дәрігерлер вакцинация жасалғаннан кейін не істеу керектігі туралы айтты. Бұл кезеңде біздің денсаулығымыз аса сақтықты және ерекше күтімді талап етеді, сондықтан адамдармен жиі байланыстарды, салқын тиюден және жалпы өзіңізді сақтауыңыз керек. Сонымен қатар, дәрігерлер егер денсаулық жағдай нашарласа, дереу мамандардың көмегіне жүгіну керек екеніне ескертті.
«Бұл қиын уақытта өзіңізге ғана емес, жақын адамдарыңызға да мұқият болу керек. Вакцинация - қоршаған ортаны қорғаудың және вирусқа қарсы тұрудың сенімді құралы. Мен өз денсаулығыма көңіл бөліп, барлығын да менен екпе салудан қорықпау керектігін айтқым келеді», - деп бөлісті Достық үйі қызметкерлерінің бірі Төлеубеков Ұлыбек.
Біз барлығына мықты денсаулық тілегіміз келеді. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!