17-04-2019
«Нұр Отан» партиясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының бірлескен «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» ашылған болатын. Орталық жанынан құрылған "Денсаулық" клубының отырысы өтті. Отырыс барысында буын ауруларының түрлері, артриттердің негізгі алдын алу туралы айтылды. Шара соңы отырыс қатысушыларына арналған концертке жалғасты.