16-07-2024
Алтай қаласының Мәдениет үйінде Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жоспарына сәйкес ҚХА хатшылығының басқосуы өтті.
Кездесуге ҚХА мүшелері, еңбек ардагерлері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Алтай ауданының жастары мен тұрғындары қатысты.
Жиын барысында мемлекет басшысының тапсырмасымен жастар саясаты саласында маңызды іс-шаралар жүзеге асырылып, жаңа тәсілдер зерделеніп жатқаны айтылды.
Отырыста қатысушылар алдағы уақыттағы жоспарларымен бөлісті. Қатысушылармен еркін сұхбат орын алды, және ұсыныстарын мүдделі ұйымдармен біріге талқылап, жүзеге асыру жолын қарастыратынын айтты. Сонымен қатар, қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етудегі, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие берудегі, маңызды мәселелер атап өтілді.