30-09-2024
Түркістан қаласы Достық үйінде «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің республикалық отырысы өтті.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев, сондай-ақ, өңірлердегі ҚХА Ақсақалдар кеңестерінің төрағалары мен мүшелері қатысты. Шығыс Қазақстан облысы атынан ҚХА ШҚО Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Аубакиров Алдияр Ақылбекұлы қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар Ақсақалдар кеңесі «Адал Азамат» арнайы жобасының негізгі мақсаттары мен міндеттері, «Ақсақалдар кеңесі: Президент Жолдауын даналық пен дәстүр арқылы жүзеге асыру», «Түркістан облысы Ақсақалдар кеңесінің жұмыс тәжірибесі» сияқты өзекті мәселелерді талқылап, практикалық семинарға қатысты.
Ақсақалдар халықпен және мемлекеттік құрылымдар өкілдерімен бірлескен кездесулердің қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы, сондай-ақ, өсіп келе жатқан ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеудегі маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара «Еркін микрофон» форматындағы пікірталаспен және естелік суретке түсумен аяқталды.