28-01-2025
Шығыс Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесінің отырысы өтті.
Жиынға облыстың әртүрлі аудандарынан кеңес мүшелері Zoom платформасы арқылы қосылды.
Кездесу барысында маңызды мәселелер талқыланып, алдағы жұмыстардың негізгі бағыттары анықталды.
Шарада Аналар кеңесі төрайымының орынбасары Жұлдыз Сейтқұмарқызы Ақтанжанова алдағы жоспарлармен таныстырды. Оның ішінде Аналар кеңесінің іс-шараларының жаңа легі, “Салауатты сана” жобасы аясындағы жұмыстар және кеңес құрамын қайта қарау мәселелері көтерілді.
Кеңес мүшелері бұл бастамалардың маңыздылығын атап өтіп, бірқатар ұсыныстар енгізді.
Аналар кеңесі отбасылық құндылықтарды дәріптеу және қоғамдық келісімді нығайту жолында өз жұмысын одан әрі жандандыра бермек.