06-03-2018
2018 жылдың 5 наурызында Парламент палаталарының бірлескен отырысы болып, оның барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін жария етті. Мемлекет басшысы әлеуметтік жаңғыртуға бағытталған бес бастамаларды атап өтті. Президенттің айтылған әрбір бес бастамалардың мазмұны нақтылы түрде көрсетілген. Осыған байланысты Достық үйінде «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» үндеуі бойынша кездесу өткізілді. Кездесуде ішкі саясат бөлімінің, Достық үйінің қызметкерлері, этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері, Жастар лигасының мүшелері, әскери қызметкерлер қатысты. Кездесудің соңында барлық қатысушылар Президенттің жүргізіп отырған саясатын бірауыздан қолдады.
Курчатов қаласының Достық үйі