Достық үйінде ШҚО ҚХА қоғамдық келісім кеңесі мен аналар кеңесінің отырысы өтті

14-02-2019

Достық үйінде ШҚО ҚХА қоғамдық келісім кеңесі мен аналар кеңесінің отырысы өтті

14 ақпан күні Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім кеңесі мен аналар кеңесінің отырысы өтті. ШҚО ҚХА қоғамдық келісім кеңесінің отырысында кеңес мүшелері Злотников Анатолий Петровичтың дайындаған 2018 жылға арналған жұмысы туралы есебін тыңдады. Злотников Анатолий Петрович - өңірлік белорус этномәдени бірлестіктің басқарма мүшесі, ҚАЕУ Президентінің кеңесшісі. Сондай-ақ отырыста, 2019 жылға арналған жұмыс жоспарлары талқыланды. ШҚО ҚХА Аналар кеңесі отырысы барысында 2018 жылға арналған Аналар кеңесі атқарған жұмыстар туралы есеп тыңдалды. Есепті «Үміт» балалар үйінің директоры Бисеканова Мария Баймұқанқызы дайындады. Шараның соңында, барлық қатысушылар Аналар кеңесінің жаңа құрамымен танысып, 2019 жылға мақсаттар қойды.