«Жігіт сұлтаны»

06-05-2021

«Жігіт сұлтаны»

2021 жылғы 5 мамыр күні  Курчатов қаласының Достық үйінің ұжымы қазақ халқының салт –дәстүрлерін жаңғырту, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және дамыту, қала  жастарының  шығармашылық  қабілеттері  мен  эстетикалық тәлім–тәрбиелерін  дамыту мақсатында «Жігіт сұлтаны» байқауын өткізді. Іс-шараға № 3514 әскери бөлімінің және қала мектептерінің жас мамандары  қатысты.

Жігіттер 5 кезең бойынша өз бақтарын сынады. Бірінші кезеңде әр қатысушы  өз - өзімен таныстырса, екінші кезеңде халқымыздың салт-дәстүрі мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне байланысты сұрақтарға жауап беріп, білімдерін көрсетті.

Үшінші, төртінші және бесінші кезеңдерде қатысушылар тапсырмаларды шығармашылық қабілеттерімен орындап, өздерінің ептіліктері мен икемділіктерін көрсетті.

Әділқазылар алқасының қорытындысы бойынша «Шымыр жігіт» номинациясымен Төлеген Бекенов, «Сегіз қырлы, бір сырлы» номинациясымен Батыл Қазыдан, «Өнерлі өрге жүзер» номинациясымен Қуаныш Серикханов және «Жігіт сұлтаны» номинациясына Асхат Тұрдахунов ие болды.

Байқау қатысушылары естелік сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

Барлық ер азаматтарды келе жатқан 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!