26-01-2018
Еліміздегі ең басты ерекшеліктердің бірі полиэтносты және поликонфессиялық қоғам болуында. Соған қарамастан біздің әлемге жар салып мақтанып айта алатын жетістігіміз: ол полиэтносты және поликонфессиялық қоғамдағы ұлтаралық, дінаралық татулық. Осы құндылықтың қалыптасуына ықпал еткен және түсіндіру жұмыстарында зор ролі бар, болашақ Қазақстан қоғамы үшін орны ерекше - Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығы екені сөзсіз. Біз «Бірлік» жастар этноклуб қоғамдық бірлестік 2010 жылы алғаш құрылып, Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығынан өзіндік орнымызды алдық. Алғаш құрылған кезде құрамымыз аз еді. Бүгінгі таңда Өскемен қаласындағы ЖОО-ның және колледж студенттерімен тығыз байланыста жұмыс жасаудамыз. Негізгі мақсатымыз жастардың әлеуметтік-мәдени еркіндігі мен құқығын ұйымдасқан түрде қорғау, жерлес студенттердің белсенділігін арттыру, олардың арасында мәдени адамгершілік байланыс орнату. Бүгінгі таңда айтарлықтай жетістіктерге жеттік деп айтуға болады. Біз үшін биылғы қуанарлық жағдай Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығының жаңа кең ғимаратқа көшуі. Жастарымыздың кең ғимаратта қысылмай, қымтырылмай еркін жұмыс жасауына мүмкіндік туды. Енді биылдан бастап, құрамымыз көбейіп, болашақта Тәуелсіз еліміздің жаңа жетістіктерге жетуіне қызмет жасаймыз деп сенеміз. Осы уақытқа дейін «Бірлік» жастар этноклуб қоғамдық бірлестігіне қол ұшын беріп, демеу болып келген Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығына алғысымыз шексіз.
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың оқытушысы, «Бірлік» жастар этноклубы төрайымының орынбасары Шүршітбай Майра