16-03-2022
Цис Роза Алитдиновна
Татар этно-мәдени бірлестігінің белсендісі
Президентіміздің жолдауын бір деммен көріп, тыңдап шықтым. Елімізге үлкен өзгерістер енгізуге бастама болатын тың жоба мен жаңа серпіндер, ерекше ұсыныстар осы жолдаудан анық көрінді.
Президентіміздің көреген саясатының арқасында «Жаңа Қазақстан» мемлекетін құру және дамыту еліміздің өркендеп дамуының жаңа сатысы болары анық. Жолдаудағы тың өзгерістер Республикамызда жаңа облыстардың пайда болатыны көңілімді ерекше қуантты.
Бірліктің бастауы болған дала демократиясын жаңғырту, билік пен халық арасында дәнекер болатын ұлттық құрылтайды құру да Жаңа Қазақстан үшін аса маңызды шешім деп есептеймін. Қазір қиын жағдайда еліміздің егемендігі мен жеріміздің тұтастығынан артық ештеңе жоқ екендігін түсінгеніміз абзал. Ел болашағы әр азаматтың өз қолында!