24-01-2025
Етекбаева Күлбаран Сүлейменқызы (05.04.1943 – 17.12.2024) – ұлттық дәстүрлер мен мәдениеттің жанашыры. 1995 жылдан бері қоғамдық қызметпен айналысып, 2001 жылдан бастап «Шығыс Қазақстан мұсылман әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы қызметін атқарды.
Күлбаран Сүлейменқызы қазақ халқының дәстүрлері мен рухани мұрасын насихаттауға арналған «Ақникет» және «Бесіктен бақиға дейін» атты екі кітаптың авторы. Бұл еңбектерде қазақтың мақал-мәтелдері, фольклорлық шығармалары, қазыналы қарттар мен дана әйелдердің нақыл сөздері жинақталған.
Ол өз қызметі арқылы мұсылман әйелдері мен қыздарын қоғамдық бірлестіктердің жұмысына кеңінен тарту, мұқтаж отбасыларға, әйелдер мен балаларға материалдық және моральдық қолдау көрсету сияқты игі мақсаттарды жүзеге асырды.
Күлбаран Сүлейменқызының еңбектері көптеген марапаттармен бағаланды: