Жаңа айдар – ЭтноHistory! Татьяна Абдуловна Кагерманова

28-01-2025

Жаңа айдар – ЭтноHistory! Татьяна Абдуловна Кагерманова

Татьяна Абдуловна Кагерманова – Шығыс Қазақстандағы чечен және ингуш халықтарының мәдениетін сақтап, дамытуға үлес қосқан тұлға. 1957 жылы 12 тамызда дүниеге келген ол «Вайнах» чечен және ингуш халықтарының этнокультурлық бірлестігін құруға бастамашы болды. Бұл бірлестік аймақтағы этносаралық қатынастарды нығайту және мәдени әртүрлілікті дәріптеу мақсатында белсенді жұмыс істейді.

Кагерманова Татьяна Абдуловна – «Вайнах» этнокультурлық бірлестігінің төрағасы, ол чечен және ингуш халықтарының мәдени мұрасын сақтауға және дамытуға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыруда ерекше рөл атқарды. Оның басшылығымен бірлестік түрлі мәдени шаралар, мерекелер мен көрмелер өткізіп, екі халықтың тарихы мен мәдениетін танытуға арналған бастамалар көтерілді. Татьяна Абдуловна өз қызметінде халықтар арасындағы сенімді қарым-қатынастарды орнатуға ықпал етті.

Татьяна Абдуловна «Вайнах» хореографиялық ансамблін басқарып, оның құрамында халықтың ұлттық билерін және музыкасын дәріптейді. Бұл ансамбльдің өнері тек қазақ елінде ғана емес, басқа мемлекеттерде де үлкен қызығушылық тудырып, чечен және ингуш мәдениетінің ерекшеліктерін паш етуде маңызды рөл атқарады.

Татьяна Абдуловна Кагерманова көп жылдық еңбегі үшін түрлі марапаттарға ие болды:

  • ​​Медаль «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл»;
  • ​​Медаль 10 жыл Астана;
  • ​Медаль «Астана 20 жыл»;
  • ​Лауреат «Ажар» ұлттық қоғамдық марапаты;
  • ​Медаль «Бірлік»;
  • ​Медаль «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл»;
  • ​​Медаль «Ерен еңбегі үшін»;
  • ​​Медаль «Достық үйіне 25 жыл»;
  • ​​Медаль «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл».