Жалынға толы кавказ биі

28-07-2015

Жалынға толы кавказ биі

Шілде айының соңғы жексенбісі күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында «Азери» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің шығармашылық ұжымының Ассамблея жылына арналған есептік концерті өтті. Концерттік бағдарламада «Азери» ансамблі өнерпаздарының  қатысуымен әртүрлі хореографиялық және вокальдық нөмірлермен бірге, әзірбайжан мемлекетінің тарихы мен мәдениеті туралы викторина ойындары жүргізілді. Д. Аскеров жетекшілік ететін хореографиялық сыныптың, үлкен және кіші топтарының жалынды лезгинка биін орындаудағы шеберліктері көрермендерді ерекше таңырқатты. Сонымен бірге шығармашылық ұжымның сұлу бишілері казкав билерін орындауындағы әйел қозғалыс-қимылындағы әсемдікті, назды  тамаша жеткізе білді.           Викториналық сұрақтар барысында көрермендер әзірбайжан халқының мәдениеті мен дәстүрлері бойынша таным аясын кеңейтумен бірге өз білімдерін де көрсетуге мүмкіндік алды. Бағдарлама барысында көрермендер арасынан шыққан еріктілер шығармашылық топтың мүшелерімен би байқауына қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Вокальдық бағдарламада А. Елеусізова «Сын Кавказа», «Черная ночь» әндерін шырқаса, «Азери» ансамблінің көркемдік жетекшісі Д. Аскеров әзірбайжан халқының дәстүрлі дауылпаз аспабында ойнап, көрермендердің ықыласына бөленді. Көрермен қауым шығармашылық ұжымның өте жақсы дайындықпен ұйымдастырған концертіне ризашылықтарын білдіріп, қошаметтерін аямады.   Шара соңында келген қонақтар шығармашылық ұжымның өнерпаздарымен бірге әзірбайжан халқының билерін билеп, концерт «ловзар» стилімен аяқталды.