30 қаңтар күні Облыстық Достық үйінің ұжымы «Жан жылуын сыйла» атты қайырымдылық акциясын өткізді. Акцияның мақсаты тұрмысы төмен отбасына көмек қолын созу. Сондай отбасының бірі Қанапияновтар отбасы. Отбасының жалғыз тірегі анасы Кенжегүл. Өткен жылдың қараша айында отағасы дүние салған болатын. Қолында 4 кішкентай баласымен қалған Кенжегүл тұрмыстың тауқыметін бір адамдай тартып келеді. Қазақта «жетім көрсең жебей жүр» демей ме осы нақылды басшылыққа алған Достық үйінің ұжымы осы жоғарыда аталған отбасына азық-түлікпен көлдің тамшысындай болсада көмек көрсетті.