Қазақ жүрген жерде әнде жүреді. Ән - бұл екінші тіл. Қазақ айтатын сөзді, ән арқылы бейнелеп, нақты ойды білдіріп жеткізе алған. Ән айтудың көптеген үлгілері бар, соның ішінде ерекшесі, еліктіретіні, делбезені қоздыратын түрі – айтыс.Айтыс – бұл қазақ ақындар арасындағы суырып салма өлең айту сайысы. Бұл дәстүрлі халықтық ауызша поэзияның бір үлгісі.
Ағымдағы жылдың 17 мамыры күні Облыстық Достық үйінде Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Облыстық Достық үйінің бірге ұйымдастыруымен, қаламыздағы жас ақындар арасында айтыс өтті. Айтыс дәстүрлі түрде ақындарды таныстыруымен басталды. Ақындар сайысқа алдын ала дайындықсыз келіп, өткір ойлы тапқырлығымен, табан астында суырып салма өнерімен сайысты. Ережеге сай, олардың поэзиялық ұстасуы, өзара сөз жарыстыруы жиналған көрермендердің көз алдында өтіп, оза шауып алға түскен жүйрік кім екенін көрсетті. Тыңдармандар шын құлшыныстарымен ақындарды қолдап, демеп отырды.Айтысқа 10 жас ақын қатысты. Ал олардың суырып салма өнерін, ойын жоғары деңгейде жеткізе білуін қазылар алқасы бағалады.Айтысқа 128 адам қатысты.
Облыстық Достық үйі

