2013 жылдың 20 сәуірі күні орыс этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен жазушы А.Ивановтың 85-жылдығына арналған шара өткізілді.
Әдемі безендірілген Облыстық Достық үйінің көрермендер залында, А. Ивановтың кітаптарының көрмесі ұйымдастырылды.А. Иванов – социалистік еңбек ері, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Өскемен қаласының құрметті азаматы, аты шыққан «Тени исчезают в полдень», «Вечный зов» романдарының және басқа шығармалардың авторы.А. Иванов – нағыз халық жазушысы, өз шығармасында эпостық топтардың рухани және қоғамдық-әлеуметтік өмірін тереңнен көтерген.А. Ивановтың туындылар әлемі бояуға, дыбыстарға, әрине қайырымды, залым, ер жүрек, қорқақ, адал, арамза адамдарға толы. Ол адам тағдыры мен адамгершілік қатынастың қатты түйінін байлай білетін.Шара барысында «А.Ивановтың экранда жүзеге асқан прозасы» атты тақырыпта А. Ивановтың шығармашылығын зерттеуші, өлкетану мұражайның қызметкері О. Тарлыкова баяндама жасады.Көрермендер шара барысында А.Ивановпен жақын байланыста болған және тағдырдың жазумен, жазушымен бір рет кездесіп, жан дүниесіне терең із қалдырған жандармен танысты.Сонымен бірге көрермендер назарына «Вражда» повесінен үзінді «Колхозная собрание» спектаклі ұсынылды. Шараға 70 адам қатысты.
Облыстық Достық үйі

