Жазушы Г.Д. Гребенщиков туралы «Гонец» фильмінің тұсаукесері

14-08-2014

Жазушы Г.Д. Гребенщиков туралы «Гонец» фильмінің тұсаукесері

2010 жылдың 4 ақпанында Достық үйінде әлемге белгілі жазушы, Шығыс Қазақстан облысының тумасы Г.Д. Гребенщиковтың өмірі мен шығармашылығы туралы деректі фильмнің тұсаукесері болып өтті. Фильм «Алтай – ортақ үйіміз» атты бағдарламаның шеңберінде, «Русский мир» қорының қаржысымен, Өскемен қаласының «Қалкен-ТВ» телекомпаниясының қатысуымен «Алтай – XXI ғасыр» қорының ұйымдастыруымен түсірілді. Фильмді түсірушілердің басты мақсаты, жазушы жерлесіміз Г.Д.Гребенщиковтың қазақ пен орыс халықтарының рухани және тарихи тамырларын біріктіретін тағдыры мен шығармашылығы туралы мұраларын сақтау. Г.Д. Гребенщиковтың алғашқы шығармалары 1913-1916 жылдары шықты. Олар белгілі қойылымдары «Жақсы жігіт», «Халықтың ұлы», «Батырбек хандығы», «Қырғыз» поэмасы (поляк тілінен аударылған), «В просторах Сибири» атты 2 томдық повестері мен әңгімелері, «Река Уба и убинские люди» этнографиялық очеркі және т.б. шығармалары. 1926 жылы көптомды «Чураевы» атты эпопеясын Швейцарияда Ұлттық лига жанындағы арнайы интеллектуальды кооперация комитеті әлемдік әдебиеттегі алдыңғы қатардағы еңбек ретінде таныды және ұсынылатын кітаптар тізіміне енгізді. «Гонец» фильмде жазушының жеке өмірі және жоғарыда тоқталған деректер жайында кеңінен айтылады. Жазушы жайлы мәскеулік әдебиетші, пушкинист А.А. Макаров, «Г.Вернандск пен Н.Рерих» туралы деректі фильмнің авторы, ресейлік белгілі жазушы В. Распутин, Алтайдағы «Шукшин оқуының» ұйымдастырушысы Рината Григорьева, Г.Д.Гребенщиковтың шығармашылығын зерттеуші, философия ғылымының докторы С.С.Царегородцева (Шығыс Казақстан), жазушының туыстары өз естеліктерін айтты.