09-05-2021
Биыл Ұлы Жеңіске 76 жыл толды. Мерекеге орай Достық үйінің белсенділері Ұлы Отан соғысының ардагерлері болып табылатын отбасылық жұпты құттықтады.
Отағасы Прищепчик Марат Викторович, 1933 жылы туған, Беларус жерін азат етуде партизан болған. Қазір ол Беларусь мәдени орталығының «Крыничка» ұжымының қатысушысы және солисті.
Анамыз 1934 жылы дүниеге келген Прищепчик Нина Николаевна, оккупация жылдарында 1941-1945 жылдары Белоруссияда бала кезінде госпитальдарда жараланғандардың алдында өлеңдер мен әндерін айтып өнер көрсеткен. Кейін 1957 - 1992 жылдары Өскемен экономика және қаржы колледжінде оқытушы міндетін атқарды. Қазіргі уақытта - «Криничка» ұжымының мүшесі, сонымен қатар колледждегі ардагерлер ұйымының төрағасы болып табылады.
- Бар-жоғы тоғыз жасқа аяқ басқанда , Мен «кек алушы» партизан отрядының жас барлаушысы болдым, - деп еске алады Марат Викторович.
Беларуссия мәдени орталығының мүшелері ардагерлердің балконының астында соғыс әндерін шырқап, бейбіт аспанның тыныш күндері үшін құрмет көрсетті.
«Жеңіс үшін рахмет, құрметті ардагерлер! Карантин кезінде біз үлкендерімізді қауіпсіздендіруге шешім қабылдадық, сондықтан осындай шағын концерт ұйымдастырдық»,- деп өз ойымен бөлісті «Крыничка» ұжымының мүшесі Наталья Кузнецова.
Сондай-ақ, Достық Үйі Жеңіс күнін мерекелеуге орай отбасылық жұптарға азық-түлік жиынтығын табыс етті. Бұл акция қасиетті Рамазан айы аясында өтуде.