2013 жылы 27 наурыз күні Облыстық Достық үйінде «Жемчуга» клубының 10 жылдығына арналған кеш өтті.Мерекелік кештің мақсаты, осы атқарылған жұмыстардың қортындысын шығару, сонымен бірге жылы лебіздер мен ұсыныстарды қабылдау болды.
Шара «Жемчуга» клубының жетекшісі Авершина Лариса Викторовнаның қоғамның құрылу тарихы, оның дамуы туралы әңгімесімен басталды. Олардың өткізіп жүрген шараларының маңызды бөлігі әдеби және музыкалық шығармаларға арналған. «Жемчуга» клубы осы 10 жыл ішінде барлық жазушылар мен ақындардың мерейтойларына арналған шаралар өткізіп келді, атап айтсақ: А. Пушкин, М. Әуезов, А. Құнанбаев және басқалар. Клубтың көмекшілері де жеткілікті олар, бірінші кезекте шағын драмтеатрлар мен қала кітапханалары. Кеш барысында өлеңдер оқылып, әндер шырқалып, құттықтау тілектер айтылды. Сонымен бірге славян қоғамдық бірлестігінің төрағасы Александр Андреевич Яковлев клуб жетекшісіне мадақтама қағазын тапсырды. Тамаша кеш ардагерлер хорының және «Серебро» тобының орындауларындағы әндермен аяқталды.
Облыстық Достық үйі

