20-07-2021
Ақын, композитор Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуы аясында Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының қызметкерлері "Ұлы дала елінің киелі мұрасы" атты тарихи–экологиялық акция ұйымдастырды.
"Ақбауыр" тарихи-археологиялық кешеніне келген қатысушылар, көп жылдық тарихқа көз жүгірте алды. ШҚО-дағы Ақбауыр-грот, қола дәуірінің ескерткіші, Қазақстанның неолит дәуіріндегі ең көне белгілі ғибадатханалардың бірі.
Іс-шара Өскемен қаласының тарихи-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығында жалғасты, онда ашық аспан астында ұлттық тағамдарды дайындау бойынша мастер-класс өткізілді.
Сонымен қатар Құрбан Айт мерекесі құрметіне құрбандық шалу рәсімі өткізілді, содан кейін аз қамтылған отбасыларға азық-түлік себеттерін тарату ұйымдастырылды.
Осылайша, барлық қатысушыларға ұмытылмас эмоциялар сыйлайтын, мейірімділікке толы акция өтті.