07-09-2022

"Жолдаудың берер маңызды зор"

«Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы» басшысының орынбасары Жанар Ахметкалиевна жақында болған Президент Жолдауына байланысты «Altai» телеарнасына сұқбат беріп, өз пікірін білдірді.

«Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде «Жаңа Қазақстанның» құрылысына арналған маңызды тақырыптар жайында сөз қозғады. Мемлекет басшысының білім беру және медицина саласын өзгертуге бағытталған шешімдерін тың идея деп ойлаймын. Жеке тұлғаларға, еліміздің болашағы үшін жолдаудың берер маңызы зор, сонымен қатар оның сапасы жас ұрпақтың келешегіне де тікелей әсер етеді. Мемлекет басшысының жолдауында бұл тақырыптар нақты айтылған», - деп өз ойымен бөлісті «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы» басшысының орынбасары Жанар Ахметкалиевна.