02-02-2018
Ағымдағы жылдың 02 ақпаны күні облыс әкімдігінің ғимаратында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әсем Бекқызының төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2018 жылдың 10 қаңтарында жолдаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауын талқылауға арналған облыстық Ардагерлер Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Отырысқа облыстық Ардагерлер Кеңесі мүшелерімен қатар Қазақстан хақы Ассамблясының мүшелері және этномәдени бірлестік өкілдері қатысты. Отырыс барысында жолдауының маңызды бағыттарын талқыланып, 10 негізгі бағыттың жүзеге асуына Ардагерлер Кеңесінің мүшелері де барынша атсалысатындықтарын жеткізді.