24-11-2017
Ағымдағы жылдың 24 қарашасы күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын іске асыруға және жыл көлемінде атқарылған жұмыстарды талдауға арналған кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында сөз алған ШҚО ҚХА Журналистер клубының төрағасы А.И. Кратенко Шығыс Қазақстан облысының киелі жерлеріне қатысты телеарналарда арнайы бағдарламаларды және баспасөз беттерінде журналистік зерттеу материалдарын жариялау керектігіне тоқтала келе, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын іске асыруда атқарылып жатқан жұмыстардың БАҚ – да кеңінен насихатталуы керектігін атап өтті. Отырысқа ШҚО ҚХА Журналистер клубының мүшелерімен этномәдени бірлестік өкілдері қатысты.