Жылы жүздесу

24-01-2018

Жылы жүздесу

Шығыс Қазақстан облысына туризм саласын дамыту мақсатында іс- сапармен келген Астана қаласында орналасқан Қытай халық республикасының мемлекеттік туризм басқармасының басшысы  Ван Шулинь облыстық Достық үйі –қоғамдық келісім орталығына арнайы келіп этномәдени бірлестіктердің кабинеттерін аралап  ондағы мұражайдағы құнды жәдігерлермен танысты.  Кездесу барысында  Астана қаласында орналасқан Қытай халық республикасының мемлекеттік туризм басқармасының басшысы  Ван Шулинь өз сөзінде алдағы уақытта Достық үйіне ат басын бұратындығын,  бір шаңырақ астында татулық пен бірлікте күн кешіп жатқан көптеген ұлт өкілдерінің өмір тарихтары мен кеңінен танысқысы келетіндігін жеткізді. Алыстан арнайы келген меймандарға Достық үйінің өткенімен бүгіні төңірегінде  Достық үйі –қоғамдық келісім орталығының директоры Э.Төлеубеков жан – жақты таныстырды.