«Масленицамен» танысу

11-03-2022

«Масленицамен» танысу

Славян қауымының қыспен қоштасуға арналған керемет мерекесі Масленица деп аталады. Бұл салтанатты мейрам ызғарлы қыстың кетіп, көгілдір көктемнің келгенін білдіреді. Масленицада хош иісті құймақтар дайындалып, халыққа таратылады. Жұрт бұл мерекені ерекше көңіл-күймен қарсы алады.

«Орыс этно мәдени орталығының" төрайымы Вера Николаевна Правдина "Болашақ" балабақшасының тәрбиеленушілерін көктемнің алғашқы күндерін қарсы алу дәстүрімен таныстырды. Кездесу көңілді рәуіште өтті. Күлкі мен ойынға толы болды. Жанды дауыстағы әндер, әсерлі билер, түрлі-түсті кейіпкерлер: скомороха, қыс, көктем және сұлу Масленица балаларға қуаныш сыйлап, мерекенің ерекшеліктерін көрсетті. Балалар жүгіріп, секіріп, ойнап, тәтті құймақтардан дәм татты. 

«Салт-дәстүрлерді білу, тарихты тану жеке тұлғаның дамуының маңызды аспектісі болып табылады. Сондықтан біздің балаларымыз елімізді мекен еткен әртүрлі этностардың, оның ішінде орыс халқының мәдени мұралары мен әдет-ғұрыптарын танып, білсе мұның артық болмайтыны анық» дейді Вера Николаевна.

Шара соңында көктем өзінің отты жылуымен қыстың тұлыбын ерітті, еріген тұлыппен бірге жыл сайын дәстүрлі түрде орындалатын ән шырқалды.