19-10-2022
Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында» Шығыс Қазақстан облысының корей этномәдени орталығымен дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің қонақтары «Қазақстан корейлері қауымдастығының» жаңа төрағасы – Юрий Германович Шин және төрағаның орынбасары Денис Львович Ким болды.
Дөңгелек үстелдің мақсаты жаңа төрағаны «Шығыс Қазақстан корейлері қауымдастығы» мүшелеріне таныстыру және «Қазақстан корейлері қауымдастығының» даму бағдарламасымен танысу.
Дөңгелек үстел барысында Юрий Шин алдағы бес жылда жүйелі түрде жүзеге асырылатын бағдарламасымен таныстырды.
Даму бағдарламасы бес бағытқа бөлінген:
-Қазақстан Республикасындағы саяси реформаларды жүзеге асыруда Қазақстан корейлер қауымдастығының рөлін күшейту;
- Аймақтық корей қоғамдық ұйымдарын дамыту;
- Ақпараттық жұмысты күшейту;
- Сыртқы байланыстарды дамыту;
- Бюджетті қалыптастыру.
Шара соңында корейлік WSC орталығының мүшелері қойылған сұрақтарғына жауаптар алды.
Шараны ұйымдастыруға ШҚО Этнографиялық мұражай-қорығының халықтар мен шағын этностар этнографиясы бөлімінің қызметкерлері атсалысты.